
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Шараға Төлен Әбдік, Баянғали Әлімжанов, Дихан Қамзабекұлы және басқа да белгілі қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Мәулен Әшімбаев әдебиет пен өнерді насихаттау, мәдени мұраны цифрлық кеңістікте сақтау және бірлескен жобаларды іске асырудың маңызын атап өтті.
«Бүгінгі күні Қазақстан мен Қырғызстанның зиялы қауымының алдында маңызды міндеттер тұр. Әсіресе, екі елдің әдебиеті мен өнерін кеңінен насихаттауға басымдық берілуі керек. Осы жұмыстың аясында белгілі ақын-жазушылардың дәрістерін ұйымдастыруды ұсынамыз. Мәдени мұралар мен әдеби шығармаларды цифрлық кеңістікте сақтаудың да маңызы зор. Осы мақсатта ғылыми еңбектер, аудиокітаптар тарату, виртуалды мұражайлар ұйымдастыру және басқа да жобаларддың электронды нұсқасын бірелесе әзірлеуіміз керек. Біз өз тарапымыздан осы бастамаларды жүзеге асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», деді Мәулен Әшімбаев
Сонымен қатар Сенат Төрағасы Қырғыз Республикасының бірқатар қоғам қайраткерін Қазақстанның мемлекеттік және парламенттік наградаларымен марапаттады.
Осы күні Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулумен кездесті.
Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланып, Мемлекет басшыларының бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдау қажеттілігі атап өтілді.
Өз кезегінде Нұрланбек Тұрғынбекуулу Сенат Спикеріне форумға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.