Шаруашылық • Бүгін, 20:50

2,4 миллиард несие берілген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының шарапатын көрген тұрғындар аз емес. Жеңілдетілген пайызбен несие алып отырғандар Мойынқұм ауданында да жеткілікті, деп хабарлайды Egemen.kz.

2,4 миллиард несие берілген

Аудан әкімі Ермек Кәрентаевтың айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 448 аулаға 2,4 миллиард теңге көлемінде несие берілген.

«Аудан тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасының шарапатын көріп отыр. 448 аулаға 2,4 миллирд теңге несиеден берілгеннін бөлек, осы жылы 8 азаматқа тауарлы несие беру жоспарланған. Сонымен қатар қазіргі кезде 4 азамат берілген несиеге мал алған. Бұдан бөлек 12 азаматқа қайтарымсыз грант табысталғанын айта кеткен жөн», дейді аудан басшысы жағдайды түсіндіріп.

Жамбыл облысы.