Экология • Бүгін, 11:15

Қыркүйектің соңында егін алқаптарында жауын-шашын күшейеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев Үкімет отырысында 23–30 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын таныстырып, синоптиктердің болжамы бойынша қыркүйек айының 23-інен 30-ына дейінгі аралықта еліміздің астық егетін аймақтарында ауа райы егін жинауға жайсыз болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қыркүйектің соңында егін алқаптарында жауын-шашын күшейеді

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір апта бойы жауын-шашын жауады. Ақтөбе (26–30 қыркүйек), Батыс Қазақстан (25–29 қыркүйек), Қарағанды мен Ұлытау облыстарында (27–30 қыркүйек) жаңбыр күтіледі.

Павлодар облысында 23–25 және 28–30 қыркүйек аралығында, ал Шығыс Қазақстанда 23–24 және 29–30 қыркүйек күндері жауын-шашын болады. Бұл күндері қатты жел соғып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Түнгі уақытта қырау түсуі ықтимал.

Қазан айында еліміздің басым бөлігінде орташа температура қалыпты деңгейде сақталмақ. Дегенмен, батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарда ауа райы әдеттегіден жылы болады.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты астық жинауға ыңғайлы кезеңдерді барынша тиімді пайдалану қажет», деді Нұркен Шәрбиев.