
Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
2024 жылы 2,1 миллионнан астам қазақстандық мемлекеттік сыйақы алды. Оның ішінде әр төртінші салымшы ең жоғарғы мөлшерге қол жеткізді. Отбасы банкінің салымшыларының арасында жас отбасылар да, студенттер де, тіпті зейнеткерлер де бар. Біреулер үшін бұл – алғашқы баспалдақ, енді біреулер үшін – жинақтың сенімді әрі тиімді екенін көрсететін мүмкіндік.
Отбасы банктегілердің айтуынша: мемлекеттік сыйақы алу үшін депозитті толықтырып отыру керек. Депозитке қаражатты ай сайын аз-аздан немесе бірден ірі сомамен салуға болады. Ең бастысы – жыл соңына дейін үлгеру. Тіпті қазір жаңа клиент болып депозит ашсаңыз да, биылғы сыйақыны ала аласыз.
Мемлекет сыйақысы бұрын сыйақы берілмеген жинақтарға ғана есептеледі. Әр жылы шота жаңа түсімдер және өткен жылы сыақы берілмеген жинақ қалдығы ескерілелі. Егер өткен жылы сыйақы беруге жататын депозиттегі сома 200 АЕК-тен асса, онда қалған айырмашылықтағы сомаға биылғы жылы мемлекеттік сыйақыны есептеу кезінде есептелегі.
Қазір Отбасы банкінде еліміз бойынша 3 миллионнан астам салымшы тіркелген. Олардың әрқайсының өз арманы мен мақсаты бар. Мысалы, астаналық Қалимжановтар отбасы бірнеше жыл бойы қаражат жинап келеді. 2025 жылдың мемлекеттік сыйақысы қосылған соң, олар «Отбасылық пакет» қызметінің көмегімен барлық депозиттерін біріктіріп, елорданың сол жағалауынан екі бөлмелі пәтер алуды жоспарлап отыр.
«Мемлекеттік қолдау мен Отбасы банкінің ыңғайлы бағдарламалары бізге «өз баспанамыз – қол жетпейтін арман емес» екенін көрсетті. Ең бастысы – жинақтауды үйрену. Бізге тиімді жинауға «Отбасылық пакет» қызметі көмектесті. Бұл қызмет арқылы отбасы мүшелері өз депозиттерін ашып, жүйелі түрде толықтырып, кейін біріктіріп несие ала алады», дейді Жәнібек Қалимжанов.
Үйге тезірек жетудің бір жолы – «Арманға жол» бағдарламасы. Ол үшін жұмыс орнындағы бухгалтерияға өтініш жазу жеткілікті. Содан кейін жалақының бір бөлігі автоматты түрде депозитке аударылады.
Тағы бір жолы «Otbasy bank» мобильді қосымша арқылы автотөлем орнату. Бұл ыңғайлы: ақша әрдайым уақытында түседі, ал сіздің жинақтауды дұрыс жүргізу тәртібі сақталады.