Ауа райы • Бүгін, 12:25

Қазақстанның алты өңірінде қар көшкіні қаупі сақталып тұр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірқатар өңірінде қар көшкіні қаупі әлі де жоғары. Атап айтқанда, Түркістан және Жамбыл облыстарының биік таулы аймақтарында, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының таулы өңірлерінде қар көшкінінің өздігінен түсу ықтималдығы бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның алты өңірінде қар көшкіні қаупі сақталып тұр

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға қар басқан тік беткейлерге бармауға кеңес береді, себебі бұл көшкіннің жүруіне себеп болуы мүмкін.

Қар көшкіні жағдайын бақылау мақсатында «Қазселденқорғау» мамандары қауіпті аумақтарды тұрақты түрде тексеріп, мониторинг жүргізіп тұрады. Қауіпті аймақтарға 110 ескерту белгісі орнатылған.

2025-2026 жылдардағы көшкін маусымы басталғалы бері Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жалпы көлемі 175 600 текше метр болатын 66 өздігінен болған қар көшкіні тіркелген. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 113 246 текше метр болатын 99 профилактикалық көшкін түсіру жұмысы жүргізілген.

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

ТЖМ ескерту жарияланған кезде таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50