Оқиға • Бүгін, 14:00

Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына жаңа бағыт енгізілмек. Енді Сыр елінде өндірістік бағытта қарасора өсіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі

Фото: Ашық дереккөз

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Үкімет отырысында швейцариялық Harvest Group компаниясының қатысуымен өндірістік мақсаттағы қарасора, жүгері және сояны өсіру әрі өңдеуге бағытталған ірі жоба іске асырылып жатқанын хабарлады.

Қарағанды тұрғыны әкесінің пәтерінде қарасора өсірген

«Жобаның құны 68 млрд теңгені құрайды. Ол техникалық қарасораны, жүгеріні және сояны өсіру мен өңдеуге бағытталған. Жоба аясында 2028 жылға қарай егіс алқаптарының көлемі 32 мың гектарға дейін жеткізіледі», деді өңір басшысы.

Ақмолада 70 түп қарасора тәркіленді

Айта кетейік, 2026 жылғы 11 сәуірде Үкімет өндірістік мақсатта, яғни есірткі және психотроптық заттар өндіруге қатысы жоқ қарасораны өсіруге рұқсат беретін қаулы қабылдады. Бұл шешім арқылы мемлекет қарасораны мата, қағаз, құрылыс материалдарының өндірісі үшін пайдалануды реттемек. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар