Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Компания қазіргі уақытта EPCM (инжиниринг, жабдық сатып алу және құрылыс жұмыстарын басқару) мердігерін анықтау үшін ашық халықаралық тендер өткізіп жатыр. Жоба шеңберінде тігінен интеграцияланған мұнай-газ химиясы кластерін құру көзделген.
Кешен төрт негізгі бағыттан тұрады:
– мұнай өндіру және тасымалдау;
– жылына 6 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт салу;
– қуаты 200 МВт болатын газтурбиналы электр стансасын іске қосу;
– теңіз суын тұщыландыру жүйесін енгізу.
Жоба сипаттамасына сәйкес, болашақ мұнай өңдеу зауытының өңдеу тереңдігі 95%-дан кем болмауға, ал Нельсон индексі 10,5-тен жоғары болуға тиіс.
Қазақстан мұнай өндірісін тағы арттырады: OPEC+ жаңа келісімге келді
Техникалық талаптардың тағы бір ерекшелігі – қара мұнай өнімдерін тауар ретінде шығаруға тыйым салынған. Атап айтқанда, мазут, вакуумдық газойль және гудрон коммерциялық өнім қатарына енгізілмейді.
Сарапшылар жобаны ауқымды әрі технологиялық тұрғыдан тартымды деп бағалап отыр. Дегенмен бастаманың жүзеге асуына қатысты күмән де бар. Негізгі мәселе – болашақ зауытты тұрақты шикізатпен қамтамасыз ету. NRG_monitor арнасының мәліметінше, жобаның тағдыры көбіне осы мәселеге байланысты болады.