Әлем • Бүгін, 11:27

Мұнай бағасы күрт төмендеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт арзандады. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты хабарлар себеп болып отыр. Тараптар қақтығысты бәсеңдету және Ормұз бұғазын ішінара ашу мәселесін талқылап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Мұнай бағасы күрт төмендеді

Фото: Ашық дереккөз

Сауда барысында Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 100 доллардан төмен түсіп, соңғы апталардағы ең төмен деңгейдің бірін көрсетті. Кей сәтте баға 97-98 доллар аралығына дейін төмендеді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам Таяу Шығыстан мұнай жеткізуге қатысты қауіптерді азайтады.

Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті

Reuters мәліметінше, инвесторлар сәуір айында мұнай бағасы барреліне 120 доллардан асқаннан кейін пайдасын тіркей бастаған.

Мамандар Ормұз бұғазы маңындағы шиеленістің бәсеңдеуі туралы кез келген белгі мұнай бағасына бірден қысым түсіретінін айтады.

Қазақстан мұнай өндірісін тағы арттырады: OPEC+ жаңа келісімге келді

Соңғы жаңалықтар

Құрбан айт қашан басталады?

Қоғам • Бүгін, 10:32

Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 10:20