Фото: sports.kz
Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 22-туры шеңберінде «Қайрат» пен «Ұлытау» футбол клубтары Жезқазған қаласында 1:1 есебімен тең түсті. Кездесудегі алғашқы голды 33-минутта Дастан Сәтпаев салды.
Дастан Сәтбаев әлемнің ең үздік жас футболшылары қатарына енді
«Ойыншыға дұрыс бағыт-бағдар берілсе, Дастан Сәтпаев футбол шыңына көтеріледі. Керемет гол. Бір соққымен тамаша түйіндеді», делінген жазбада.
Еске салайық, 17 жастағы футболшы осы жылдың тамыз айында «Челси» (Chelsea F.C.) сапына қосылуы керек. Қазір ол алматылық «Қайрат» клубында жалға алу келісімі бойынша өнер көрсетіп жүр.