Теннис • Бүгін, 09:37

Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде қарсылас шақ келтірмей жатыр. Ол 1/8 финалда чехиялық Каролина Плишкованы еш қиындықсыз жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Фото: Ашық дереккөз

Төртінші айналымда отандасымыз әлемнің екінші ракеткасы чехиялық Каролина Плишковамен кездесіп, екі айналымда да қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші қарсыласына мүкіндік бермей 6:0 есебін тіркеді. Екінші сет 6:2 есебімен аяқталды.

Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады

Енді ширек финалда Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен кездеседі. WTA рейтингінде Свитолина 10-орында тұр. Матч 13 мамыр күні Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді.

Екі теннисшінің бұған дейінгі өзара кездесулеріндегі жалпы есеп Рыбакинаның пайдасына – 4:3 болып аяқталған.

Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы осы Рим турнирінің чемпионы атанған болатын. Биыл  аталған турнирдің жалпы жүлде қоры – 7 228 080 еуроны құрайды. Жекелей сындағы жеңімпаз 1 055 285 еуро көлемінде сыйақы алып, рейтингілік 1000 ұпайға ие болады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Құрбан айт қашан басталады?

Қоғам • Бүгін, 10:32

Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 10:20