Оқиға • Бүгін, 13:36

Қостанайда жоғалған студент өлі күйде табылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында 19 наурыздан бері іздестіріліп жатқан 17 жастағы Владимир Орел өлі күйінде табылды. Оның денесі Тобыл өзені маңынан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда жоғалған студент өлі күйде табылды

Бұл ақпаратты алғаш болып еріктілер хабарлаған, кейін оны полиция растады.

Полиция мәліметінше, жасөспірімнің жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Іздеу жұмыстары барысында оның денесі Гагарин бөгетіне жақын қамысты аумақтан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Еске салайық, Владимир Орел соңғы рет жатақханадан шыққан кезде көрінген, содан кейін онымен байланыс үзілген.

Түркістанда суға батып кеткен 8 жасар бала 4 күннен бері іздестіріліп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10