Қоғам • Бүгін, 17:35

Алматыдағы бір пәтердің бағасына Ақтөбеден екі үй алуға болады: Өңірлердегі баға айырмашылығы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы бастапқы тұрғын үй нарығында баға айтарлықтай өзгерген жоқ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айында ел бойынша жаңа пәтерлер бағасы наурызбен салыстырғанда орта есеппен 0.6% өсті. Ал жыл басынан бері өсім 4.4% болды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы бір пәтердің бағасына Ақтөбеден екі үй алуға болады: Өңірлердегі баға айырмашылығы

Фото: Shutterstock.com

Сәуірде жаңа тұрғын үй бағасы ең көп өскен қалалар қатарында Ақтөбе (3%), Түркістан (2.9%), Көкшетау (2.3%) және Алматы (1.5%) бар. Астана мен Шымкентте баға өзгеріссіз қалды. Ал Ақтау мен Оралда баға 0.3% төмендеген.

Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады

Ел бойынша жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны 615 933 теңгеге жетті.

Ең қымбат баспана:

  • Алматы – 733 375 теңге;
  • Астана – 731 990 теңге;
  • Атырау – 537 968 теңге.

Ең арзан баспана:

  • Орал – 325 231 теңге;
  • Ақтөбе – 356 454 теңге;
  • Көкшетау – 358 868 теңге.

Сарапшылардың есебінше, Алматы немесе Астанадағы бір пәтердің бағасына Орал мен Ақтөбеден екі пәтер сатып алуға болады.

Жыл басынан бері баға ең көп өскен қалалар:

  • Ақтөбе – 8.8%;
  • Алматы – 6.2%;
  • Көкшетау – 5.1%;
  • Астана – 4.6%.

Ал соңғы бір жылда Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлер орта есеппен 15.1% қымбаттаған.

Жылдық өсім бойынша көш бастағандар:

  • Ақтөбе – 23.1%;
  • Алматы – 18%;
  • Астана – 17.7%.

2020 жылдың соңынан бері елдегі жаңа тұрғын үйлер бағасы орта есеппен 73.3% өсті. Ең жоғары өсім Ақтөбе (97.5%) мен Астанада (91.3%) тіркелген.

Пәтер сатып алған қаншалықты тиімді?

Соңғы жаңалықтар