Ауа райы • Бүгін, 11:15

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2026 жылғы 28 наурызда Қазақстанның үш қаласының тұрғындарын ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды 

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

28 наурызда Алматы, Астана және Павлодар қалаларында атмосфералық ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде зиянды (ластаушы) заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүруді шектегені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Найзағай және қатты жел: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50