Оқиға • Бүгін, 15:27

Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес жайлы жаңа деректер шықты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес жайлы жаңа деректер шықты

Ведомство мәліметінше, оқиға 26 наурыз күні Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде болған. Қақтығыс тұрмыстық сипатта өрбіген, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.

Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызуды қажет ететіндер жоқ. Жағдай тұрақты және құзырлы органдардың бақылауында.

Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процессуалдық шараларды жүргізген, оның ішінде жанжалға қатысушыларды ұстау да бар. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Оқиға орнына Қазақстанның бас консулы барып, ел азаматтарына құқықтық көмек көрсету және жағдайды нақтылау жұмыстарын жүргізуде.

Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды

Сондай-ақ, Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы Ресейдің құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыс орнатқан.

Шымкентте матч кезінде жаппай төбелес болды: Екі ойыншы жарақат алды

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10