Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
"Нұрлы жер". Павлодарда 106 отбасы қоныс тойын тойлады
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы саналатын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары қоныс тойын тойлауда. Облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында 9 қабатты жарқыраған жаңа 2 тұрғын үйден бағдарлама аясында 106 отбасының өз пәтерлеріне қолдары жетті.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
Маңғыстау өндірісі жаңа зауытпен толықты
Кәсібін өркендету жолында су жолын сауда-саттық пен қарым-қатынасқа қолайлы санағандар үшін Маңғыстау барынша ыңғайлы мекен болып тұр. Осы орайда өңірге инвестиция тартып, ел игілігін еселеу жолында Мемлекет басшысы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы тапсырма берген болатын.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
«Дала күні» келелі кеңеске айналды
Ильичевка ауылында өткен семинар-кеңесте агроөнеркәсіп кешеніне қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, нақты шаралар белгіленді.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өтті
Астана қаласында Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өтті. Екіжақты ынтымақтастықты дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік және құқықтық мәселелерді, қылмыстық және әкімшілік қудалау кезінде кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды талқылаған жиында екі келісімге қол қойылды.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Халықаралық қоғамдастық Қазақстан бастамаларын қолдайды
2017 жылғы 29 тамызда Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн және Семей ядролық полигоны жабылуының 26 жылдығына арналған семинар өтті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Қайрат Әбдірахманов Ұлыбритания Мемлекеттік министрімен кездесті
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі сэр Алан Данканмен кездесу өткізді, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Әлем кардиохирургтері Астанада бас қосты
Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми іс-шаралары аясында өтіп жатқан Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакальдық хирургтер қауымдастығының 27-ші конгресіне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017
«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан келген балалар делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесін аралады. Орталық тәрбиеленушілерінің сапары Израиль павильонынан басталды, онда саяхатшыларға интерактивті аймақ айрықша ұнады.
ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017. Көрменің соңы қызықтарға толы болмақ
Үш ай бұрын басталған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аяқталуына санаулы күн қалды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы әзірлеген аңдатпа негізінде маңызды басқосудың соңғы күндерінде көпшілікке қандай шаралар ұсынылатынын саралаған едік.
ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында жаңа әлемдік рекорд орнатылды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында кеудені жерден көтеруден Қазақстан ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығы рекордтар кітабының бес дүркін рекордсмені және «планка» ұстаудан әлем рекордсмені атағының иегері Әмір Махмет шыны шөлмектерде кеудесін жерден 53 мәрте көтеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы өткізіледі
ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017. Гондурас Республикасының ұлттық күні өтті
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Гондурас Республикасының ұлттық күні өтті. Бұл мемлекет Тынық және Атлант мұхиттары аралығындағы жолды жақсарта отырып, әуе және жүк тасымалымен, білікті мамандарымен Орталық Америкада логистика алаңына айналуда.
ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017. «Hispanic Cinema Screenings» кинофильмдер көрсетілімі өтті
30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы қазіргі заманғы өнер орталығында Испания және Боливияда шығарылған «Hispanic Cinema Screenings» кинофильмдер көрсетілімі өтті.
ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесінде испан тілі күні өтті
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы Испания Корольдігінің павильонында испан тілінің күні өтті. Шара барысында қонақтар испан тілінің сабағына қатысып, әдебиеті туралы дәрісті тыңдады. Сондай-ақ, музыкалық дуэттің өнерін тамашалады.
Шарын Шұлғайбайұлы – аты аңызға айналған балуан
Тарих тұнған, шежіре шалқыған ұлан-ғайыр ұлы даламыздың әр өңірі тұлғаға бай, қайраткерге кенен болып келеді.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халқымызға үлкен серпіліс туғызды. Рухани дүниемізді жаңғыртты. Болашаққа деген сенімімізді нықтады.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялау арқылы әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың алты негізгі бағытын айқындап берді.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
Қостанайда ХХХІІ облыстық «Тың-Целина» спартакиадасы өтті
Қостанай өңірінде ХХХІІ облыстық «Тың-Целина» спартакиадасы дүрілдеп өтті.
Ұлттық спорт • 04 Қыркүйек, 2017
Балуандар «Әлем барысына» дайындалуда
Қыркүйектің сегізі күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт сарайында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолютті әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа елу елдің балуаны қатысады деп жоспарланған. Әлемдік додаға шетелдік спортшылардан бөлек, Қазақстанның ең мықты деген төрт балуаны сынға түседі.
Футбол • 04 Қыркүйек, 2017
Черногория қайта қапы қалдырды
Қазақстан құрама командасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Черногория футболшыларымен «Астана Арена» стадионында күш сынасып, 0:3 есебімен ойсырай жеңілді.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
Сенбі күні Астанада салынып жатқан «Абу-даби плаза» ғимаратының құрылыс алаңында күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында тұрмыстық сипаттағы жанжал орын алған болатын.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
Қарапайым қазақы ұғыммен «қарттар үйі» деп аталатын Ақтөбе облысының қарттар мен мүгедектер интернат үйі қарттарға қамқорлық көрсетуде жүйелі жұмыс істеп келеді.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
Тәртіпке бағынған құл болмайды
«Қазақ даласында түрме болмаған» дейді. Бірақ, бұл заң болмаған деген сөз емес. Алайда, ол күннің заңы бүгінге жүрмейді, ол анық.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017
Ақтөбе облысында жаңа мектептер ашылды
Биыл Ақтөбе аймағындағы мектептер 132 мыңнан астам оқушыны қабылдаған болса, олардың 16 мыңнан астамы мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер. Яғни білім беру ғимараттарына «тарыдай болып кіргендер». Өмір бір орнында тұрмайды. Ол үнемі алға қарай үздіксіз даму, жылжу, өсу үстінде. Соған сәйкес мектептерде білім алатын оқушылардың саны да жыл сайын одан әрі арта түсуде.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Қандастарға жасалған қамқорлық
Нар өркештенген тау етегін бөктерлей жүріп келеміз. Ғаламат дүниенің жұмбақ сырын ішіне бүккен алып таулар маңғаздана керіліп бізге міз бағар емес. Облыс орталығынан төрт жүз, төрт жүз елу шақырымдай жол жүргеннен кейін, ақ шаңқан үйлері бар ауылға кезіктік. Бұл мамыражай малын бағып, айранын ұйытып, сүтін сауып, еңбегінің арқасында құт пен береке тауып отырған Өзбекстан Республикасы Үшқұдық ауданына қарасты Жүзқұдық елді мекені екен.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болу Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәртебесін еселей түсетіні анық. Оның маңыздылығы мен сайлау үдерісінің қиындығын ескеріп, Сыртқы істер министрлігі қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай тер төкті.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Орталық Азия+Жапония: ынтымақтастықтың бірегей үлгісі
Биыл Орталық Азияның бес мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстанның қиырдағы Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жылдан асса, Орталық Азия + Жапония диалогының жүзеге асырыла бастағанына 13 жылдың жүзі болыпты. Осыған байланысты Жапонияда аталған формат аясында 10-шы Токио диалогы өтті.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017
Астанада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды. Оның аясында көрермендерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілді нұсқаларының 55 данасы ұсынылады.