Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017

Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы өткізіледі

532 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы өткізіледі

Конкурс ережесі: 

1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 41-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген.  

1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – құрылтайшы);

2) Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына ықпал етіп, үлес қосу 

2.2. Конкурстың міндеттері:

1) мәдениетаралық диалогтың дамуына ықпал ететін этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін БАҚ бағдарламалары мен материалдарын дәріптеу;

2) ақпараттық кеңістікте көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық үлгілерін ілгерілету;

3) мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;

5) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тардың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар мен жеке авторлар қатыса алады.

3.2. 2017 жылғы Конкурсқа соңғы екі жылда өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатыса алмайды.

3.3. Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

4. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

4.1. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, 2017 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін баспа БАҚ-та, оның ішінде, этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған материалдар,  теле-радиобағдарламалар қабылданады.

4.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- бірлікті және қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған ең үздік ақпараттық материал;

- Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарын ашатын, оның ішінде аумақтардағы үздік ақпараттық материал;

- бірлік пен келісімді нығайту бойынша еңбек ұжымдардың үлесіне арналған ең үздік ақпараттық материал;

- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласына арналған ең үздік ақпараттық материалына арнайы жүлде.

4.3. Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

- өңірлік конкурсқа қатысу үшін қатысушылар конкурстық жұмыстарды 2017 жылғы 12 шілдеден бастап 2017 жылғы 28 қырқуйеққа дейін жібере алады;

- конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен өткен конкурстық жұмыстар 2017 жылғы 5 қазаннан 2017 жылғы 15 қазанға дейін өтетін конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне жіберіледі.

4.4. Үздік жұмыстарды салтанатты марапаттау Астана қаласында 2017 жылғы қараша айында медиа-форум шеңберінде өткізіледі.

4.5.Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді жарияланған қабылдау уақыты өткеннен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

4.6. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

5. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

5.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру конкурсқа қатысуға талап етушінің осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға келісімін бергенін  білдіреді.

5.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінім:

- кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған өтінімінен;

- өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттарды қамтуы тиіс.

Бір өтініммен берілетін материал саны 3-еуден кем емес және 5-еуден артық болмауға тиіс.

5.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына электронды түрде, сондай-ақ, жабық конвертпен жіберуге болады.

5.4. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысу үшін тіркейді.

Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар /баспасөз хабарламасы, т.б./ конкурсқа қатыстырылмайды.

5.5. Осы Ережемен көзделген талаптар бұзылған жағдайда конкурсқа қатысуға түскен өтінім қабылданбайды және тіркелмейді.

Байланыс телефондары:

8(7152)50-45-79

8(775)397-98-67

E-mail: mank.kk.sko@mail.ru

 

№1 ҚОСЫМША

Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсына қатысуға арналған өтінім

1. Қатысушы туралы мәліметтер:

* облысы, елді мекені;

* тегі, аты, әкесінің аты;

* туған жері және туған жылы;

* ұлты;

* тұрақты тұратын жері;

* байланысу телефоны;

* оқу орны/жұмыс істейтін жері;

* лауазымы;

* жұмыс өтілі.

2. Шығармашылық құжаттар:

* баспа БАҚ-та жарияланған материалдардың сканерленген көшірмелері;

* интернет-ресурстардағы парақшалардың басып шығарылған көшірмелері;

* теле-, радио бағдарламалардың дискке DVD, CD форматында жазылған жазбалары.