Аймақтар • 19 Мамыр, 2024

Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты

Lada.kz жазғандай, желіде 18-інен 19 мамырға қараған түні болған апаттың салдары бейнеленген кадрлар пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі 20-шы шағынауданнан келе жатып, қарсы жолақтағы көлікпен соқтығысқан. Кейін жол апатына себеп болған жүргізуші көлігін жүргізіп кете берген.

Араға көп уақыт салмай ол 12-ші шағынаудандағы "Жас қанат" спорт кешенінің маңында Kia көлігіне соқтығысқан. Бұл көлікте балалары бар отбасы отырған. Жол талғамайтын көлік иесінің мас болғаны айтылады.

Облыстық полиция департаменті оқиға кезінде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі мас болғанын растады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік айыптұраққа қойылды.

Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы дәрігерлерге қоңырау 23:05-те түскенін хабарлады. Бір адам зардап шекті, бірақ ол ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар