Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017

Астанада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті-Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды. Оның аясында көрермендерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағыл­шын тілді нұсқаларының 55 данасы ұсынылады.

Астанада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды

Аталмыш көрменің басты ерекшелігі – кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардың, XVIII-XIX ғғ. жазылған түпнұсқа қолжазбалардың көрсетілуінде.

Олардың көбісі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа өзге мемлекет өкіл­дері­нен дип­ломатиялық сый ретінде тарту етіл­ген. Әр кітап мұқабасының сырт­қы келбеті көркемдік, зергерлік және кал­лиграфиялық шеберлікпен ерекшеленеді.

Ашық ғарышта, «Мир» халықаралық ғарыш бекетінде болған Құран басылымы топтамадағы ерекше жәдігерлердің бірі. Оны Мемлекет басшысына ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан.

«Егемен-ақпарат»