Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017

Алаңдауға еш негіз жоқ

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі күні Астанада салынып жатқан «Абу-даби плаза» ғимаратының құрылыс алаңында күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында тұрмыстық сипаттағы жанжал орын алған болатын. 

Алаңдауға еш негіз жоқ

Оқиға орнына мемлекеттік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері келіп, жедел шаралар арқылы оқиғаның алды алынды. Алайда, бірқатар азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, жағдайды ушықтырмақшы болған. Есіл аудандық прокуроры тәртіп бұзушылардың жауапқа тартылатыны туралы ресми ескерту жасады. 

Ішкі істер министрлігі Мемле­кеттік тіл және ақпарат департа­менті өкілінің хабарлауынша, жанжал Үн­діс­таннан келген мас жұмысшыны күзетші нысан аумағына кіргізуден бас тартқаннан кейін туын­даған. Осыдан кейін ол отандастарын ша­қырып, күзетшіні соққыға жыққан. Жергілікті жұмысшылар болса, күзет­­шіге болысып, соның салдарынан төбелес туындап, оған шамамен 30 адам қатысқан. «Ішкі істер орган­дары келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған шаралар жүр­­гізді. Тұрғындардың орынсыз әрекеттерге бармауын және тек­­се­­рілмеген ақпаратқа сенбеуін сұрай­мыз. Қазіргі таңда жағдай қалыпты және полицияның толық бақылауында», – деп хабарлайды жоғарыда аталған департамент өкілі.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бұл жағдайдың ұлтаралық сипаттағы жанжал емес екенін айтып, халықты дүрлікпеуге, сабыр сақтауға шақырды. Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылардан арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар таратпауды сұрады. «Қазіргі кезде бұл кикілжің толығымен шешілді. Біздегі мәліметтер бойынша жанжалдан зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың алаңдауына да еш негіз жоқ екенін, барлық мәселенің бейбіт жолмен шешілетінін айтқым келеді»,  деп атап көрсетті министр.