П
Өнер • 28 Қараша, 2025
Қазақстаннан шыққан жас талант балет әлемін тәнті етті
Балет әлемінде жаңа есім жарқырады. Студент Әбілмансұр Сырманов биылғы маусымда екі бірдей беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Осылайша жас балет әртісі өз есімін халықаралық өнер тарихында қалдырып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2025
1998 жылы жер бетін аралауға аттанған жиһанкез үйіне оралуға жақын
Британдық бұрынғы десантшы Карл Бушби 27 жылға созылған сапарының соңғы кезеңіне жетті. Саяхатшының айтуынша, ол сапарға шыққан кезде әлеуметтік желі болмаған, енді ғаламтор кеңістігі дамып, түбегейлі өзгерген әлемге тап болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент бүгін ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйлейді
Астана қаласында ауыл әкімдерінің диалог платформасы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осы жиынға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 28 Қараша, 2025
Ақмола облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды
Бұл бап шілде айында қолданысқа енгізіліп, азаматтарды еркінен тыс қудалау, мазалау, үнемі байланыс орнатуға тырысу, бақылау және өзге де психологиялық қысым көрсететін әрекеттерден қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2025
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017»-ге қатысы бар шендіні қамауға алды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017» төрағасының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Қараша, 2025
Жаңа жылдан бастап «Келешек мектептерінің» бағдарламасына дзюдо үйірмесі енгізіледі
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі Айдар Махметов пен «Жеңіс» спорт клубының бас директоры Тимур Тұрсынбаевты қабылдады. Кездесуде тараптар «Келешек мектептерінің» бағдарламасына дзюдо үйірмесін қанатқақты жоба ретінде енгізу мәселесін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 28 Қараша, 2025
Нұрбанк 4,5 млрд көлеміндегі мемлекетік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады
Нұрбанк мемлекеттік қолдаудың бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылдады. Жоспар бойынша 27 қарашада қаржы институты 4,5 млн облигацияны номиналдық құны 1000 теңгеден кері сатып алуды бастайды. Бұдан кейін банк балансындағы мемлекеттік қолдау сомасы 46,8 млрд теңгеден 42,3 млрд теңгеге дейін азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Рим Папасы ең алдымен Түркияға барды: Ердоған екеуі не сөйлесті?
XIV Рим папасы Лев Анкараға барып, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Бұл понтификтің шетелге жасаған алғашқы сапары, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Қараша, 2025
Банк шотын есірткі сатушыларға берген 10 дропперге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Биылғы 16 қыркүйектен бастап банк шотын бөгде адамдарға пайдалану үшін бергендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша арнайы бап күшіне енген еді. ІІМ жаңа норма енгеннен бері дропперлікке қатысты 10 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Каспий құбыржелісі консорциумының экспорты желтоқсан айында артады
Каспий құбыржелісі консорциумы (КҚК) желтоқсан айында CPC Blend маркалы мұнай экспортын тәулігіне 1,7 млн баррельге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қараша айындағы жоспар – тәулігіне 1,45 млн баррельді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Қараша, 2025
«Заң және тәртіп баланың көзімен». Қалалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды
Өскелең ұрпаққа «Заң және тәртіп» қағидатын ұғындыруды көздеген сурет байқауын Астана қаласының прокуратурасы мен әкімдігі бірлесе ұйымдастырған. Ерекше байқауда елордалық 5-7 сынып оқушылары бағын сынап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Танымал спорт журналисі өмірден өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналист Диля Ибрагимованың өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Әлімханұлы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне уәде берді
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда өтетін, WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисландии Лараға қарсы айқасы қарсаңында мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 27 Қараша, 2025
Қырғыз делегациясы Сәтбаев университетінің халықаралық ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысты
Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдил Байсалов пен ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенкулов бастаған Қырғыз Республикасының делегациясы Сәтбаев университетіне келіп, жоғары оқу орындары базасында ашылған шетелдік филиалдардың жұмысы, инфрақұрылымы, ғылымы және Қазақстанның алғашқы техникалық университетінің ғылыми жобаларымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 27 Қараша, 2025
Мәжіліс спикері Аустрия Парламентінің төменгі палатасы төрағасының орынбасарын қабылдады
Астанаға жұмыс сапарымен келген Аустрия Республикасы Федералды Жиналысының Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Петер Хаубнер Мәжіліске келді. Палата спикері Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық байланысты нығайту жолдарын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы Келешек мектептерінде 10 мыңнан астам бала білім алып жүр
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мақсат – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Ерлан Қарин: Бүгінгі саясаттың басты ерекшелігі – өткен жылдардың тиімсіз тәжірибесінен алыстау
Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойғаны мәлім. Аталған Жарлықты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин тарихи маңызы бар қадам ретінде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Күрес түрлері бойынша құрама қайта жасақталады
1–6 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен ел чемпионаты өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 27 Қараша, 2025
Жәшік ішіндегі сапар: Редж Спирстің таңғажайып оқиғасы
1964 жылы бүкіл әлемді елең еткізген таңғажайып оқиға орын алды. Аустралиялық найза лақтырушы Редж Спирс Англиядан Аустралияға билетсіз, оның үстіне қарапайым жолаушы емес, пошта арқылы жүк бөлімінде ұшып жеткен. Бұл – тарихта алғаш рет адамның «пошта арқылы» құрлықаралық сапар жасауы еді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
XXV жазғы Сурдлимпия ойындарын Қазақстан неше медальмен аяқтады?
26 қарашада Жапонияның бас шаһары Токиода XXV жазғы Сурдлимпия ойындары мәресіне жетті. Оған қатысқан ұлттық құрама 8 алтын, 4 күміс, 13 қола, барлығы 25 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 27 Қараша, 2025
Астанадағы Кирпичный елді мекеніне газ берілді
Елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан Кирпичный елді мекені табиғи газбен қамтылды. Енді бұл аумақтағы тағы 255 үй табиғи газды тұтынады. Газ беру рәсіміне Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, «QazaqGaz» ұлттық компаниясының өкілдері мен тұрғындар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Қараша, 2025
Ерлан Қарин: «Заң және тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік іргетасы»
Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат еліміздегі идеологиялық саясаттың тұңғыш рет жүйелі әрі біртұтас түрде айқындалуына мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2025
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Темірлан Анарбеков тағы да таңдаулылар қатарынан табылды
Еуропаның футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында қақпашылар жасаған үздік сейвтердің бейне топтамасын ұсынды. Үздіктер қатарында алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Қараша, 2025
Шетелдіктерден ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті
Күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, Қытай азаматтарынан ақша бопсалаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2025
Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2025
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін «Ынтымак Ордо» резиденциясына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Шавкат Рахмонов ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Қазақстандық MMA жұлдызы Шавкат Рахмонов (19-0) UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы, ресейлік Ислам Махачевпен (28-1) титулдық жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» есе жіберді
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында қазақстандық «Қайрат» сырт алаңда Данияның «Копенгаген» командасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Көкшетау-Петропавл трассасында ірі жол апаты болды
Бүгін таңертең республикалық «Көкшетау-Петропавл» трассасында DAF жүк машинасы мен Hundai жеңіл машинасы бетпе-бет соғысып, үлкен апат болды. Оқиға осы трассаның бойындағы «Рублевка» ауылының тұсында болған деп хабарлайды Egemen.kz.