Руханият • Бүгін, 10:35

Рим Папасы ең алдымен Түркияға барды: Ердоған екеуі не сөйлесті?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XIV Рим папасы Лев Анкараға барып, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Бұл понтификтің шетелге жасаған алғашқы сапары, деп жазады Egemen.kz.

Рим Папасы ең алдымен Түркияға барды: Ердоған екеуі не сөйлесті?

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, президенттік сарайдың кітапханасында өткен басқосуда Папа Түркияны әлемдегі тұрақтылық пен диалогтың тірегі болуға шақырды. Өз сөзінде XIV Лев  Түркияның тарихи рөлін жоғары бағалап, оны «Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпір, діндер мен мәдениеттер тоғысқан мекен» деп атады.

Ердоған өз кезегінде әлемдегі мұсылмандарға қатысты кемсітушілікке назар аударып, популистік саясаткерлер медиа және әлеуметтік желілер арқылы өршіп отырғанын айтты.

Сондай-ақ ол Папаның Стамбұлдағы Көк мешітке бару ниетін мұсылман қауымымен конструктивті байланыс орнату қадамы ретінде құптады.

Анкара сапары барысында понтифик қазіргі Түркияның негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне зиярат етті. 28 қараша күні XIV Лев Стамбұлдағы католик шіркеуіне, хосписке және Ватикан өкілдігіне бармақ. Одан кейін ол Изник қаласына жол тартып, Никей соборының 1700 жылдық мерейтойына қатысады. Бұдан  кейін понтификтің шетел сапары Ливанда жалғасады.