Оқиға • Бүгін, 21:26

Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, үш жас азамат оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.

Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды

Фото: Depositphotos.com

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта Шемонаиха ауданындағы Первомайский кентінде болған. «ВАЗ 21100» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында қайтыс болды. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды

Аталған деректі жергілікті әкімдік те растады. Әкімдік өкілдері балалары көлік немесе мотоцикл тізгіндейтін ата-аналарға ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

«Балаларыңызбен жол қауіпсіздігі, жылдамдықты сақтау және сақтық шаралары туралы сөйлесіңіздер. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар. Өмір мен денсаулық – ең қымбат құндылық», делінген хабарламада.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Резонанс тудырған іс таяуда сотқа жолданады

Соңғы жаңалықтар

Ширек ғасыр шекара шебінде

Мереке • Бүгін, 21:00