Биылғы оқу жылы Түркістан облысы үшін айрықша жаңалыққа толы болды. Дәл осы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде бір мезетте 8 жаңа мектеп пен 2 жалпы орта білім ошағы өз есігін айқара ашты. Мәселен, Төле би ауданының Достық ауылында 900 орындық, ал Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орындық жаңа мектептер ашылды. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласында да жаңа оқу ошақтары іске қосылды.
Бұл – халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңір үшін аса маңызды қадам. Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов ұлттық жобаның ұстаздар мен оқушыларға жасалған жайлы мүмкіндігін алға тартып, Мемлекет басшысының бастамасының маңыздылығына айрықша тоқталды.
“Білім – ел болашағының алтын діңгегі. Соңғы жылдары мемлекетімізде білім беру саласын дамытуға айрықша назар аударылып келеді. Соның нақты айғағы – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Бұл тек ғимараттар тұрғызу емес, ең алдымен сапалы білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыруға бағытталған кешенді реформа.Түркістан облысында бір мезетте 8 жаңа мектептің ашылуы – осы бастаманың нақты нәтижесі. Бұл – тек өңір үшін ғана «Келешек мектептері» ұлттық жобасы мектеп салумен шектелетін инфрақұрылымдық бағдарлама емес. Бұл ең алдымен құндылықтық тұрғыдан жаңа білім беру философиясын қалыптастыруды мақсат ететін кешенді бастама”
Жоба аясында Түркістан облысында 46 мың оқушыға арналған жалпы саны 29 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның 13-і өткен оқу жылында қолданысқа берілсе, биылғы жаңа 2025-2026 оқу жылында 16 мектеп (жобалық қуаты - 9900) жоспарланды. Биылғы жаңа оқу жылынан бері тағы 11 мектеп ашылды. Жыл соңында дейін 5 келешек мектеп ел игілігіне беріледі.
Ал, бала толымдылығы туралы тоқталар болсақ, 24 мектептің (2024 жылы пайдалануға берілген 13 мектептің және 2025-2026 оқу жылында оқытуда бастаған 11 мектептің) бала толымдылығы - 95% құрады. Бүгінде «Келешек мектептерге» бала толымдылығын 100%-ға жеткізу бағытында жұмыстар атқарылуда.
Бұл – демографиялық өсім мен урбанизация үдерістерін ескере отырып, білім инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді саясаттың нақты нәтижесі. Сонымен қатар жоба педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлауға, цифрлық білім ресурстарын енгізуге, қауіпсіз әрі инклюзивті білім беру ортасын құруға және ауыл мен қала балаларына тең мүмкіндік беруге басымдық береді.
Бүгінде Түркістан облысы – халық саны ең жылдам өсіп келе жатқан аймақтардың бірі. Мәліметке сәйкес, қазіргі таңда 1–11 сынып аралығында 500 мыңнан астам оқушы білім алуда. Бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 5–7 пайызға артып келеді.
Жаңа мектептер салу – уақыт талабы. Ол мектеп тапшылығының алдын алуға, сыныптағы оқушылар санын азайтуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
«Келешек мектептері» – елдің ертеңін ойлаған стратегиялық бастама. Оның басты мақсаты – әрбір қазақстандық балаға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау. Түркістан облысында ашылған 8 жаңа мектеп – осы бастаманың өміршеңдігін дәлелдейтін нақты нәтижелердің бірі