Фото: freepik.com
Мәселен, Орал қаласының 18 жастағы тұрғыны төлем картасын 2 ай бойы қылмыстық топтың пайдалануына рұқсат берген. Қылмыстық топ оралдықтың банк шотын есірткі саудасына пайдаланған. Сыйақы үшін заңсыз қадамға барған жігіт қолға түсіп, кінәсін мойындаған.
Сондай-ақ Семейдің 23 жастағы тұрғыны үш ай бойы есірткі сатудан түскен ақшаны қолма-қол шығарып берген.
Атырау облысында да 21 жастағы қыз есеп шотына 400-ден астам ақша аударымын жасауға рұқсат еткен. Тергеу барысында қаржы есірткі саудасынан түскені анықталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аталған сипаттағы қылмыстар үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан бастып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертіп отыр.