Фото: «Зенит» ФК-ның ресми сайты
Ойын «Газпром Аренада» өтті. Алаң иелері матчтың алғашқы бөлігінде екі гол соқты. Есепті 12-минутта бразилиялық қорғаушы Нино ашса, 21-минутта ресейлік шабуылшы Александр Соболев есепті еселей түсті.
Қазіргі таңда «Зенит» Ресей Премьер-лигасында 22 турдан кейін екінші орында келеді және «Краснодардан» бір ұпайға қалып тұр. Санкт-Петербург клубы ел чемпионатын он рет жеңіп алған.
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді
Ал «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы үш турында «Ордабасы», «Астана» және «Оқжетпеспен» бірге көшбасшылар қатарында. Алматылық команда соңғы екі маусымда ел чемпионы атанған.