Әлем • Бүгін, 15:31

Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қытайдың өзіне қарсы салған санкцияларына қарамастан, Бейжіңге ұшып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?

БАҚ мәліметінше, Қытай билігі Рубионың елге кіруіне салынған өз тыйымын айналып өту үшін ресми құжаттарда оның тегінің қытайша жазылуын сәл өзгерткен. 

1

Алайда желі қолданушыларын Рубионың киім үлгісі қызықтырды. Ол Air Force One бортында сұр түсті Nike Tech Fleece спорттық костюмімен көрінді. Бұл образ оқырмандарға Венесуэла президенті Николас Мадуроның стилін еске түсірді. Оны тіпті бірнеше лақап аты пайда болды: 

  • «Мемдепартаменттің Мадуросы»;
  • «Air Force One диджейі»; 
  • «Nike diplomacy edition жаңа моделі».

Марко Рубио Бейжіңге 13 мамырда келді. Бұл оның Қытайға жасаған алғашқы сапары. Осыған дейін ол американдық саясаттағы Қытай билігін ең қатаң сынайтын тұлғалардың бірі ретінде танылған болатын.

Бұған дейін, 3 қаңтарда Трамп қолға түскен Мадуроның сұр түсті Nike Tech Fleece спорттық костюмін киіп түскен суретін жариялаған болатын. Осыдан кейін Nike-тың бұл моделіне сұраныс күрт артты. Google Trends жүйесі «Nike Tech», «grey Nike Tech» және «Nike Tech tracksuit» сұраныстары бойынша қызығушылықтың күрт өскенін тіркеді. Нәтижесінде Nike-тың ресми сайтында костюмнің бірнеше өлшемдері толықтай сатылып кеткен.

Соңғы жаңалықтар