- «Мейірім» ордені меценаттық, филантропиялық және қайырымдылық қызметке елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.
- Ал «Қожа Ахмет Ясауи» ордені танымал Қазақстан және шетел ғалымдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі.
- «Әл-Фараби» ордені білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір салаларында жетістікке жеткен азаматтарға арналған.
Заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жолданды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Қожа Ахмет Ясауи» орденін мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген болатын. Кейін Мемлекет басшысы «Әл-Фараби» орденін тағайындауды да ұсынған еді.
Биыл «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталмақ.
Нұрболат АМАНБЕК