Заң • Бүгін, 12:30

Шетелдіктерден ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, Қытай азаматтарынан ақша бопсалаған, деп жазады Egemen.kz.

Шетелдіктерден ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті

Фото: polisia.kz

Топ мүшелері Алматы көшелерінде жүрген шетел азаматтарына жақындап, полиция ретінде тұрып жатқан мекенжайларын тексерген. Содан кейін ақша талап еткен.

Полицияның алдан ала келтірген дерегінше, күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде олар қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында күдіктілердің тұлғасы қысқа уақыт ішінде анықталды. Қазіргі уақытта бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әрбір заңсыздық фактісі мұқият тексеріліп, кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады», деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Алматылық ІІМ мамандары қазір күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.