Спорт • Кеше

Күрес түрлері бойынша құрама қайта жасақталады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1–6 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен ел чемпионаты өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады, деп жазады Egemen.kz.

Күрес түрлері бойынша құрама қайта жасақталады

Фото: sportplustv.kz

Күрес түрлері бойынша өтетін ел біріншілігінде 1000-ға жуық спортшы жүлдеге таласады.

Олардың арасында әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова, U23 санатында әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Нилуфар Раимова, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова, U23 санатында әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы, жастар арасында әлем чемпионы Исхар Курбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді сынды танымал балуандар бар.

Жарыста жүлдегер болғандар ұлттық құрама тізіміне еніп, 2026 жылы өтетін Азия чемпионаты мен өзге де халықаралық бәсекелерге қатысуға мүмкіндік алады.