Аймақтар • Кеше

Көкшетау-Петропавл трассасында ірі жол апаты болды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең республикалық «Көкшетау-Петропавл» трассасында DAF жүк машинасы мен Hundai жеңіл машинасы бетпе-бет соғысып, үлкен апат болды. Оқиға осы трассаның бойындағы «Рублевка» ауылының тұсында болған деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетау-Петропавл трассасында ірі жол апаты болды

Жүк машинасына үлкен шығын келтірілген жоқ, ал жеңіл машинаның сау-тамтығы қалмаған. Бір ғажабы жүргізуші әйел тірі. Оны құтқарушылар тобы әбден майысып қалған автомобильдің салонынан зорға  алып шығып, жедел жәрдем бригадасының қолына тапсырды. Алайда жүргізушінің көп жарақаттар алғаны көрініп тұр, қазір ол реанимация бөліміне жатқызылған.

Жол апаты осы машинаның қарсы бетке шығып кетуінің салдарынан болған деген алдын ала тұжырым жасалған.

Солтүстік Қазақстан облысы