Фото: видеодан алынған кадр
Оқиға елордадағы «Саржайлау» тұрғын үй кешені маңында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада ер адамның жанында тұрған әйелді бірнеше рет беті мен денесінен ұрып-соққаны байқалады. Оқиға куәгерлері дереу полиция қызметкерлерін шақырған.
Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
«Елордадағы тұрғын үйлердің бірінің маңында 34 жастағы ер адам жұбайына күш қолданған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген ресми ақпаратта.
Сондай-ақ полиция күдіктіге қатысты жәбірленушімен байланыс орнатуға тыйым салған.