Фото: Астана қаласы әкімдігі
Байқауға Астананың ЮНЕСКО-ға қарасты Балалар көркемсурет мектебі-клубының ұстаздары мен мемлекеттік орган өкілдері қазылық етті.
Олар қатысушылардың туындысын көркемдік деңгейі мен тақырыпты ашу шеберлігіне байланысты бағалады.
Нәтижесінде 22 үздік жұмыс анықталып, сурет авторларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Астана қаласының прокуратурасы мен әкімдігі байқауда топ жарған жұмыстарды көпшілік назарына ұсынып, қоғамдық орындарында көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр.