Оқиға • Бүгін, 11:22

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017»-ге қатысы бар шендіні қамауға алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017» төрағасының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017»-ге қатысы бар шендіні қамауға алды

Фото: Ашық дереккөз

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес қосымша ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.

Айдос Есполовқа халықаралық көрме жобасынан  2,2 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылған. 

Айта кетейік, Айдос Есполов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми үшінші әйелі саналатын Әсел Құрманбаеваның туған ағасы. Сонымен қатар Еуразиялық технологиялық университеті мен «Alatau Asset Management Company» серіктестігінің құрылтайшысы.