Фото: Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
Банк өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және банк әлеуметтік жауапкершілік саясаты аясында қабылданған. Мерзімінен бұрын өтеуге банктің тұрақты қаржылық жағдайы мен тиімді жұмысы мүмкіндік беріп отыр. 1 қазанға дейінгі жағдай бойынша банктің активтері 3%-ға өсіп, 550 млрд теңгеге жеткен.
Нұрбанк сапалы кредиттік портфель көрсетіп отыр: NPL деңгейі рұқсат етілген 10%-бен салыстырғанда 6,8%-ға дейін төмендеді. Проценттік кірістер 14%-ға артқан, соның нәтижесінде таза пайда 12%-ға өскен. Банктің меншікті капиталы 8%-ға көбейіп, 76 млрд теңгені құрады.
Банк басқармасының төрағасы Гүлнар Мұсатаеваның айтуынша, Нұрбанк жаңа даму стратегиясын іске асырып отыр. Оның басты бағыттары – цифрлық трансформация, транзакциялық бизнесті кеңейту, digital-шешімдерді күшейту және шағын және орта бизнесті қолдау.
Қаржы ұйымы мемлекеттік қолдау ретінде берілген қаражатты мерзімінен бұрын қайтару міндеттемесіне адал екенін атап өтті. Дегенмен, мұндай төлемдердің көлемі мен мерзімі банктің қаржылық нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Нұрбанк сенімді өсім көрсетіп, мемлекет алдындағы міндеттемелерін уақытынан бұрын орындауға мүмкіндік алып отыр.
АО «Нұрбанк» 2020 жылдың 3 ақпанында берілген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің №1.2.15/193 лицензиясына ие.