Қонақтар университеттің негізгі ғылыми және білім беру бөлімшелерін аралап, Stroytech технологиялық паркі, Халықаралық озық функционалдық материалдар және олардың композиттері жөніндегі R&D орталығы, Porsche және Astana Motors аудиторияларында болды. Әсіресе City University of Hong Kong филиалы мен MIT FabLab өндірістік зертханасына баса назар аударылды – бұл әлемнің жетекші университеттерінің бірегей ерекше филиалдары болып табылады және Сәтбаев университетінің студенттеріне әлемдік стандарттар бойынша білім алуға, озық технологиялармен жұмыс істеуге және жаһандық зерттеу жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Сапар барысында делегация заманауи оқыту әдістерімен, ғылымның оқу процесіне интеграциялануымен және стартаптарды дамытуға мүмкіндік беретін университет экожүйесімен танысты. Қырғыз Республикасының өкілдері зертханалар мен оқу аудиторияларының жоғары техникалық жабдықталуын, студенттердің заманауи технологияларды нақты жағдайда меңгеруіне мүмкіндік беретін тәжірибеге бағдарланған оқыту тәсілін, сондай-ақ Сәтбаев университетінің инженер кадрларды даярлауда халықаралық орталық ретіндегі әлеуетін ерекше атап өтті.
Бұл сапар ЮНИСЕФ ұйымдастырған «2050 ұрпағы: ертеңгі күнге бүгінгі инвестициялар» атты конференциясына Қырғыз делегациясының қатысуы аясында өтті және Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасында ғылым, білім және инновациялар салалары бойынша ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болды.