Спорт • Бүгін, 09:42

Шавкат Рахмонов ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық MMA жұлдызы Шавкат Рахмонов (19-0) UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы, ресейлік Ислам Махачевпен (28-1) титулдық жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Рахмонов ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

15 қарашада Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде Махачев австралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жаңа чемпион атанған еді. Сонымен қатар, ол ұйымның рекордын қайталап, жеңістер сериясын 16 жекпе-жекке жеткізді.

Шавкат Рахмонов The Ariel Helwani Show бағдарламасында алдағы жекпе-жекке қатысты ойын бөлісті.

«Егер бәрі менің қолымда болса, титул үшін айқасуды таңдар едім. Бірақ Исламның ақпанның соңы – наурызға үлгеруі екіталай деп ойлаймын. Ол, шамасы, сәуірдің соңы – мамырдың басында дайын болады. UFC-ге де байланысты. Қалай болғанда да, мен Исламмен шығуға дайынмын, еш қиындық жоқ.

UFC маған титулдық жекпе-жек уәде еткен, бірақ жарақат алып, рингке шыға алмадым. Бұл – салмақты себеп. Егер UFC менің алдымен біреумен айқасқанымды қаласа, қарсылығым жоқ, кім болса да дайынмын. Ең бастысы – мерзім. Сол күнге мен толықтай бабымда боламын», деді файтер.

Еске сала кетейік, Рахмонов өткен жылдың желтоқсанында чемпиондық белбеу үшін Белал Мұхаммедпен айқасуы тиіс болған. Бірақ  Белал жарақат алып, жекпе-жек кейінге қалды. Мамыр айына жоспарланған реваншта Шавкаттың өзі жарақатына байланысты қатыса алмады.

Ал мамырда Рахмоновтың орнын басқан Джек Делла Маддалена өз мүмкіндігін тиімді пайдаланған еді, ол Белалды жеңіп, UFC чемпионы атанды.