Үкімет • 12 Сәуір, 2025

Субсидия беру жүйеленеді

75 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Үлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен ауыл шаруашылығындағы ақпараттық жүйелердің мәселелері мен даму әлеуеті қаралды.

Субсидия беру жүйеленеді

Сурет: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­шілерге субсидия төлеу үшін қолданыстағы Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпарат­тық жүйесі (СМАЖ) негізінде бірың­ғай салалық цифрлық платформа құруды ұсынды.

Оның айтуынша, қазіргі уа­қытта фермерлер субсидияларды үш түрлі мемлекеттік органнан және үш түрлі ақпараттық жүйе арқылы алып отыр: АШМ, СИМ, ал жақын арада ЦДИАӨМ-де фермерлерге интернет пайда­­лану бо­йынша субсидиялау жүйе­сін іс­ке қосу жоспарланып отыр. Әртүр­лі жүйеде жұмыс істеу пайдаланушылар үшін қиындықтар туғызуда. Вице-министр барлық жүргізілген және аяқталып жатқан интеграцияларды ескере отырып, Субси­диялаудың бірыңғай мемле­кеттік ақпараттық жүйесі (СМАЖ) АӨК саласындағы барлық қызмет­тер­ге субсидия берудің бірың­ғай салалық платформасы болуға да­йын екенін мәлімдеді.

Фермерлерден субсидия төлеу үде­рісінің ұзаққа созылуы­на бай­ланысты келіп түскен көп­­т­еген өтінішті ескере оты­­рып, вице-премьер ауыл шаруа­шы­лығы министрлігіне СМАЖ жүйесінде жылға бөлінген қар­жы шеңберінде субсидия төлеу өті­­нім­дерінің электрондық кезе­гін қа­­лып­тастыру мүмкіндігін іске асы­ру­ды тапсырды. Жаңа жаңар­­ту­­лар мемлекет тарапынан фер­­мер­­лерді қолдауға бөлін­ген жыл­­дық бюджетті автоматты түр­де есептеп, келесі кезең­ге кезек қа­­лып­­тастырып отыруға тиіс. Бұл рет­те биылға қарыз қал­дырылмайды.

Тағы бір маңызды цифрлық жаңалық – ауыл шаруашы­лығы тех­никасын «Азаматтар­ға ар­нал­ған үкімет» мемлекет­тік кор­порациясының бірыңғай цифр­лық платформасында («ХҚО 2.0» АЖ) есепке алу жүйесін енгізу. Бұл ауыл шаруа­шылығы тех­никасын арнайы ХҚО-ларда тіркеуге мүмкіндік береді.

«Өткен жылы Алматы мен Қос­танайда «ХҚО 2.0» АЖ әзір­ленген функционалында машиналарды бастапқы тіркеу бойынша қанатқақты жоба сәтті іске асырылды, деді Б.Бекбауов.

«Азаматтарға арналған үкі­мет» кор­порациясымен бірле­сіп, бес түрлі мемлекеттік қыз­мет­ті кезең-кезеңімен жүзеге асыру жос­пары әзірленді: қай­та тір­кеу, есеп­тен шығару, нөмір­­лік бел­гі­лерді алу, ауыл шаруа­шы­лы­ғы тех­никасы туралы деректер­ді өзек­тендіру, кепілдер туралы анықтамалар беру.

Кеңесте өсімдік шаруа­шы­лы­ғын­дағы бақылау жүйесін (ӨШБЖ) енгізу барысы да қарал­ды. Жүйе астықпен жасалатын операцияларға – егістік алқа­бынан бастап дайын өнімге дейін ба­ғытталған. Ол оның сақта­луы мен сатылу жолын, экспорт­тық операцияларға дейінгі үде­ріс­­терді қадағалауға мүмкіндік береді. Ұқсас тәсіл ауыл шаруа­шы­­­лығы өнімдерін импорттау кезінде де қолданылады, бұл «көлең­келі» схемаларды жоюға көмектеседі.

«Биыл жыл басынан бастап Ақмола облысында жүйені тесті­леуге арналған қанатқақты жоба іске қосылды. Онда пайда­лану­шылардың авторизациясы мен жүйемен жұмыс істеу функционалы қамтылған», деп атап өтті вице-министр.

Ауыл шаруашылығы тауарын өн­діру­шілер мен ауыл шаруа­шы­­лығы басқармаларының қыз­мет­­кер­леріне арналған оқыту іс-шара­лары өткізілді. Қазірде қанатқақ­ты жобаға 100-ден астам адам қа­тысуда, олардың қатарын­да ауыл ша­руашылығы өнімдерін өндіру­шілер, сақтау және сату процесі­мен ай­н­а­лысатындар бар. Жүйені рес­публика бойынша іске қосу биыл қыркүйек айына жоспарланған.

Егіс алқаптарының нақты көлемі, өңделген жерлер мен өнім жинау туралы деректерді алу мақсатында ӨШБЖ жүйесінде «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ әлеуеті пайдаланылатын болады.

Соңғы жаңалықтар