Қараша айынан бастап meks.zakup.sk.kz электрондық сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл жүйеде Ұлттық жобаға қатысушы барлық коммуналдық кәсіпорындар тіркелген.
Қазір 26 кәсіпорын шамамен жарты трлн теңге болатын 174 жоба бойынша өтінім берді. Келесі жылға арналған тауарларға деген қажеттілік айқындалып, 680 әлеуетті ЕРС-мердігер мен 172 отандық өндіруші анықталды. Олар Ұлттық жобаны жүзеге асыруға қажетті өнім жеткізуге дайын.
Сондай-ақ отырыста аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қолдау шаралары қаралды. Биыл 9,6 мың отбасы коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде көмек алған.
Вице-премьер жауапты мемлекеттік органдарға көмекті тағайындау рәсімін жеңілдетіп, қолданыстағы қолдау шаралары туралы халықты кеңінен ақпараттандыруды тапсырды.