Президент • Бүгін, 16:50

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. Қазақстан Президентін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды. Қазақстан Президентінің бұл сапарына көрші ел халқы ерекше мән беріп отыр. Ауа райының бүгін ашық та, жылы болуын жергілікті жұрт жақсылыққа балауда. Сапарға дайындық ретінде Ташкенттің көшелері мен биік ғимараттары Қазақстан мен Өзбекстан туымен безендірілген, ал LED-экрандарға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзияевтің суреттері қойылды.

 

1

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

2