Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ең төменгі жалақыны 16 мен 24 жас аралығындағы қызметкерлер алады. Ал, ең жоғары табыс 35 пен 44 жас аралығындағы қызметкерлерге тиесілі – 455,1 мың теңге. 45 пен 54 жастағылардың орташа жалақысы – 430 мың теңге, 55 жастан асқандар – 377,4 мың теңге, ал зейнеткерлер – 337,3 мың теңге табыс табады.
Білім деңгейі бойынша ең жоғары табыс жоғары дипломы бар мамандарда – 672,5 мың теңге. Орташа жалақы – 497 600 теңге. Ал, орта білімді қызметкерлердің орташа жалақысы 289,7 мың теңгені құрап, жылдық өсімі 10,5%-ды көрсеткен.
2025 жылдың III тоқсанында еліміздегі орташа номиналды жалақы 429,4 мың теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есе жоғары.
Аймақтар бойынша ең жоғары жалақы келесі қалаларға тиесілі:
- Атырау – 633,3 мың теңге;
- Маңғыстау – 580,9 мың теңге;
- Ұлытау – 533,6 мың теңгені.
Ал, ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Түркістан облыстарында (шамамен 293-295 мың теңге) байқалады.
Мамандығы бойынша басшылар мен мемлекеттік қызметкерлер ең жоғары табыс табады – 685 900 теңге. Орташа жалақы – 338 600 теңгені құрайды. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс салаларындағы жұмысшылар, операторлар және жүргізушілер 460 000 теңгеден астам табыс табады. Мамандар 443 000 теңге табады. Білікті емес жұмысшылар 180 200 теңге табады.
Жыныс бойынша ерлердің табысы әйелдерден жоғары, өнеркәсіп саласында айырмашылық 26,3%-ға жетеді, ал қызмет көрсету мен сату секторында 4,1%-ды құрайды.
Жалақы көлемі бойынша қызметкерлердің 31,1%-ы – 300-400 мың теңге, 21,7%-ы – 200-300 мың теңге, 23%-ы – 500 мың теңге табыс табады. Ал, 3,9%-ы (130,5 мың адам) – 1,1 млн теңгеден аса жалақы алатындар.