Фото: Depositphotos.com
Бала электр желісінің бағанына өрмелеп шыққан. Оны тоқ соғып, биіктен құлап кеткен. Денесі қатты күйген және құлаған кезде ауыр жарақат алған. Бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
«Қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін анықтау үшін материалдар Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне жолданды», деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.
Бұған дейін Теміртауда 3 баланы тоқ соғып, қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған едік.