«Мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялардың коммерциялық несиелендіруге кіріп, екінші деңгейлі банктер үшін бәсекелес емес жағдай жасайтынын көріп отырмыз. Себебі олар мемлекеттік қаражат есебінен арзан мөлшерлеме бере алады. Бұл ретте квазимемлекеттік компаниялардың сыртқы және ішкі қарызы бірнеше есе өсіп, шамамен 25 млрд долларды құрайды. Сондықтан бұл жерде осы сәтті теңестіру қажет. Қаржылық қызметтер, финтех-бағыттар, маркетплейстер және басқа да сервистер жеке секторда қалуы тиіс», дейді Үміт Шаяхметова.
Ал Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Алматыдағы қаржыгерлер конгресінде «Бәйтерек» холдингінің жобаларына жеке қаржы институттарының қатысу мүмкіндігін зерттеп жатқанын айтты. Бас банкирдің айтуынша, мемлекеттік инвестициялардың жеке инвестициялардан басым болуы отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді. Оның айтуынша, бұл – аквазимемлекеттік қаржы институттары нарықтан жекеменшік институттарды ығыстырмау үшін қабылдануы мүмкін шаралардың бірі. «Бәйтерек» таяу жылдары кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға шамамен 8 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр.