Аймақтар • 14 Қараша, 2025

Өнерпаз Бозжыра шатқалында «Interstellar» фильмінің композициясын орындады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы белгілі пианист-композитор Темірлан Бейсенбаймен (сахналық есімі — Ратович) және танымал тревел-блогер Әділет Рахметолламен бірлесіп, Қазақстанның ең көрікті әрі танымал табиғи мұраларының бірі – Бозжыра шатқалында түсірілген жаңа бейнероликті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнерпаз Бозжыра шатқалында «Interstellar» фильмінің композициясын орындады

Жоба Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасын насихаттауға, өнер, музыка және бірегей табиғаттың үйлесімін көрсетуге бағытталған. Бозжыраның асқақ ақ жартастарының аясында Темірлан Бейсенбай әлемге әйгілі композитор Ханс Циммердің «Interstellar» фильмінен алынған Cornfield Chase композициясын орындады.

Түсірілім Маңғыстау облысының туризм басқармасы және Rixos Water World Aktau қонақүй кешенінің қолдауымен жүзеге асты.

«Бозжыра – Маңғыстаудың ең танымал туристік орындарының бірі. Мұндағы табиғат музыка үнімен үндесіп тұрғандай әсер қалдырады. Осындай шығармашылық бастамалар өңірдің сұлулығына өзге көзқараспен қарауға, оны өнер арқылы жеткізуге мүмкіндік береді деп есептейміз», деді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар

Хандарды қашап сомдаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Басым бағыттар айқындалды

Саясат • Бүгін, 09:20

Басылым бәсі артса игі

Басылым • Бүгін, 09:10

Кен орнындағы рекордтық көрсеткіш

Пайдалы қазбалар • Бүгін, 09:00

Ұлттың рухани темірқазығы

Басылым • Бүгін, 08:55

Шаруасы жайқалған жылыжай

Шаруашылық • Бүгін, 08:45