Экономика • Бүгін, 17:18

Тимур Сүлейменов: Халықтың жағдайы жақсы болса несие алмас еді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше ғана мәжілісте тұтыну кредиттері бойынша шекті жылдық тиімді мөлшерлемені 46%-дан 40%-ға дейін төмендету қажеттігін қарастыратынын мәлімдеген Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов бүгін қаржыгерлердің XIII конгресінде тұтыну кредиттері бойынша мөлшерлемелерді төмендету туралы соңғы шешім әлі қабылданбағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Тимур Сүлейменов: Халықтың жағдайы жақсы болса несие алмас еді

Оның айтуынша, олар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Заңнамалық шараларға қарамастан, жалпы экономикалық себептерге байланысты несиелеу өсуде, деп санайды Сүлейменов.

«Адамдар өздерінің өмір салтын сақтау үшін тұтынушылық несиелерге жүгінуге мәжбүр. Сондықтан міндет екіге бөлінуі тиіс. Әл-ауқатты арттыру, атаулы және нақты жалақының, табыстың басқа да түрлерінің өсуін қамтамасыз ету. Екіншісі – жалақысы жақсы болса, онда несиеге ешкім кірмейді. Сондықтан бізге жалақымен жұмыс істеу керек», деді Ұлттық банк басшысы.