Павлодар облысында қысқы мезгілде кездесетін ықтимал төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге бағытталған күштер мен құралдар тобы құрылды.
- Өңірде қыс мезгілінде 188 жылыту пункті жұмыс істейтін болады. Оның ішінде 11-і жол-пайдалану басқармаларының базаларында орналасқан. Олар 4300 ұйықтайтын орынмен қамтамасыз етіле отырып, бір мезгілде 20 мыңнан астам адамды қабылдай алады, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Ықтимал жағдайларға 2788 адам және қар тазалайтын, инженерлік, эвакуациялық және өзге де арнайы техниканың мыңнан астам бірлігі жұмылдырылады. Сондай-ақ өтімділігі жоғары 90 техника бар.
Павлодар облысы