Тағайындау • Бүгін, 10:17

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Қабылданған шешімге сәйкес, Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев 1966 жылғы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданындағы совхозда экономист болып бастаған. 1990-1993 жылдары Сырдария агроөнеркәсіп бірлестігінде өндірістік-экономикалық бөлім басшысы қызметін атқарды. Кейін «Alem Bank Kazakhstan» АҚ Қызылорда облыстық басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Бұған дейін өңірді басқарған Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәмхана отқа оранды

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:13