он
Әлем • 22 Шілде, 2025
Жапонияда рекордтық көрсеткіш: 42 әйел депутат сайланды
Жапонияның Кеңесшілер палатасына сайлауда 42 әйел депутат сайланып, 2022 жылы тіркелген бұрынғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтарының айла-тәсілдеріне алданбауға шақырып, әсіресе романтикалық қатынастар желеуімен жасалатын қылмыстардың көбейіп бара жатқанын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Елімізде 2030 жылға дейін жаңа көші-қон саясаты әзірленеді
Қазақстанда көші-қон үдерістері тұрақты оң көрсеткіштерге ие. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол 2023–2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Министрдің айтуынша, құжатты іске асыру аясында республикада оң көші-қон сальдосы сақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Шілде, 2025
Қазақ-өзбек шекарасында жасырын тоннель табылды
Еліміздің Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық аумақта жер астымен заңсыз жанар-жағармай тасымалдауға арналған арнаулы туннель қазылған. Ұзындығы 450 метр болатын жасырын өткел арқылы қылмыстық топ үш ай бойы жанар-жағармайды контрабандалық жолмен өткізіп отырған, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 22 Шілде, 2025
Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына кімдер қатысады
30 шілде - 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азияның үздіктері анықталады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 21 Шілде, 2025
Илон Маск балаларға арналған ЖИ жасамақ
Әлемдегі ең ауқатты адам әрі технологиялық жаңашыл Илон Маск балаларға бейімделген жасанды интеллект жасауды қолға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Шілде, 2025
Қытайдан келген контрабандалық контейнер әшкере болды
Алматыда аса ауқымды қаржылық құқықбұзушылық дерегіне сәйкес сот үкімі шықты. Қытайдан халық тұтынатын тауарларды заңсыз тасымалдап, жалған шот-фактуралар рәсімдеген топқа қатысты қылмыстық іс аяқталып, айыптыларға жаза тағайындалды. Бұл соңғы жылдары экономикалық қауіпсіздікке төнген ең ірі қатерлердің бірі ретінде бағаланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Шілде, 2025
Қазақстанда креативті экономика субъектерінің саны 17% өсті
Мәдениет және ақпарат министрлігі жартыжылдық қорытындыларын жариялауды жалғастырады. Осы орайда креативті индустрияның дамуына қатысты басты жетістіктерді назарларыңызға ұсынамыз.
Табиғат • 17 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында браконьерлікке қатысты тағы бір қылмыстық дерек тіркелді. Бұл жолы Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылы маңында бұланды заңсыз атып алған жергілікті тұрғын ұсталды, деп аталады Egemen.kz.
Экономика • 17 Шілде, 2025
Машина жасау саласы жарты жылда 11,1% өсім көрсетті
16 шілдеде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында сектордың қарқынын одан әрі жеделдету және қосымша әлеуетін ашу мүмкіндіктері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2025
BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 16 Шілде, 2025
Отандық колледждер интернационалдандырылып жатыр
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізуге бағытталған 10 негізгі халықаралық бастама жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Шілде, 2025
Премьер-министр жапон губернаторымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Шілде, 2025
Шымкент гарнизонының әскери қалашығында балалар алаңы ашылды
Әскери азаматтардың балалары енді жаңа алаңда ойнайды. Оған қаланың Әл-Фараби аудандық әкімдігі мен кәсіпкерлер демеушілік көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Алматыда үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу өтті
Алматыдағы «ADD Ustel Tennis Ortalygy» спорт кешенінде 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Шілде, 2025
Жапонияда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелді
Жапонияның Метеорологиялық басқармасының мәліметінше, 21 маусымнан бері елдің оңтүстік-батысындағы шағын аралдарда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Конституция күніне орай қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады
Қазақстандықтар биыл Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. 30 тамыз – Конституция күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 2025 жылғы 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 14 Шілде, 2025
Жасы 18-ге толған әр азаматтың әскерге барып, Отанға адал қызмет етуі – азаматтық парызы. Бұл орайда, Қонаев қаласының жастары аса белсенділік танытып келеді. Жуырда қалада өткен «Aspan Fest» ашық аспан астындағы концерт барысында Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ҚР ҚК-де мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған қала жастарына шаһар басшысының Алғыс хаттарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Қонаевта 6 шақырымнан астам жағажай абаттандырылады
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 6 шақырымнан астам жағажай абаттандырылатыны туралы қала әкімі Асхат Бердіханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Шілде, 2025
Қазақ таэквондошылары 6 медаль еншіледі
Оңтүстік Кореяда таеквондодан өткен World Taekwondo Diamond Game G-4 турнирі бойынша Қазақстан құрамасы қоржынында 6 медаль бар, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Шілде, 2025
Жүзуден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
11 шілде күні Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Жаһан біріншілігінде жүзуден сынға түсетін ел құрамасы жасақталды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 14 Шілде, 2025
Трамптың трамплині: Президент болмай тұрып кім еді?
Әркімнің шеке тамыры өзінше бүлкілдейді емес пе? АҚШ-тың қазіргі Президенті де бөлекше күркірейді. Әр үйде көрсететін реалити шоу секілді, Ақ үйде түрлі ойын көрсететін Дональд Трампқа саяси сарапшылар таңғалыспен қарайды. Әдеттегі басшылар секілді әдеппен сөйлемейді. Әріптесін әзілмен шаншып, азумен қақшып алады. Мертіктірер мергендер бұған да Кеннедидің кебін келтірмекші болып еді. Құлағына тиіп құламай қалды. Сөйте тұра анталап тұрған еліне қанталап тұрып өзіне дауыс беруге шақырды. Бұл не қылған «Өлмесхан» деп маңдайын уқалайды мамандар. Әрине, ешкімнің шешесінен көйлекшең тумағаны белгілі. Сондықтан біз Трамптың трамплинге шығу жолын шолып өтіп, президент болғанға дейінгі өмірін безбендеп көрдік.
Алматы • 14 Шілде, 2025
Әйел кәсіпкерлерге арналған She’s Next хакатонына тіркеу басталды
Цифрлық төлемдер индустриясының жаһандық көшбасшысы Visa компаниясы Reinvantage ұйымымен бірлесіп, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі әйелдерге арналған алғашқы She’s Next хакатонын іске қосты. Бұл бастамаға Қазақстан да қосылып отыр. Visa компаниясының She’s Next, Empowered by Visa жаһандық бастамасы аясында ұйымдастырылып отырған хакатон әйел кәсіпкерлерге арнайы оқыту курсынан өтіп, 20 шақты сарапшыдан тәлім алуға, өз бизнесін танымал ете отырып, жүлде қоры 20 000 АҚШ долларлық байқауға қатысуға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Абай жерінен 17 сақ қонысы табылды
Абай облысындағы Қаратұмсық қорымынан осыдан 2700-2500 жыл бұрын өмір сүрген сақ тайпасына тиесілі жәдігер табылды. Мұндай бірегей кешен ел аумағында бұрын зерттелген сақ дәуіріне тән қоныстарда алғаш рет кездесіп отыр. Тарихтың кені ашылған кешенде сақтарға қатысты тың ғылыми жаңалық жетерлік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Шілде, 2025
Грант конкурсына құжат қабылдау басталды
2025 жылғы 13 шілдеден бастап білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды. Өтініштерді 20 шілдеге дейін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе кез келген жоғары оқу орнының қабылдау орталығы арқылы тапсыруға болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 11 Шілде, 2025
АҚШ сауда серіктестеріне кедендік баж салығын көтереді
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні берген сұхбатында, елдің негізгі сауда серіктестеріне 15 немесе 20 пайыздық кедендік баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Ұлан сарбаздары 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстаған
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қатысуымен 828 грамм есірткі заты табылған және заңсыз айналымнан 173 дана суық және атыс қаруы, оқ-дәрі тәркіленген. Бұл – осы жылдың алғашқы алты айы бойынша мәлімет, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 11 Шілде, 2025
Әмір Омарханов жартылай финалда бақ сынайды
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов беделді «Уимблдон» турнирінің жасөспірімдер арасындағы бәсекесінің жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.