Фото: biletik.aero
Мұндай төмен көрсеткіш апелляция механизмінің болмауы, бағалау рәсімдерін жүйелі түрде қайта қарау тәжірибесінің жоқтығы және талаптардың орындалуына бақылаудың әлсіздігімен байланысты болып отыр.
Сондай-ақ 2008 жылы бекітілген қолданыстағы санат беру ережелері қазіргі заман талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталған. Бүгінде «жұлдызды» санатты өздігінен иелену тәжірибесі тұтынушыларды жаңылыстыруда.
Осыған байланысты Туризм және спорт министрлігі қонақ үйлерге «жұлдыз» беру жүйесін жаңарту барысында Hotelstars Union халықаралық қағидаттарына бейімделген нақты бағалау өлшемдерін енгізген.
Жаңа жүйені енгізу нәтижесінде:
- Қонақ үй қызметтерінің сапасы артады;
- келушілердің қызмет көрсету деңгейін оң бағалау көрсеткіші артады;
- Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығы күшейеді;
- орналастыру нысандарының ресми санатқа қатысу үлесі ұлғаяды.
Халықаралық тәжірибе мұндай тәсілдердің тиімділігін көрсетіп отыр.
Министрлік елімізде туристік инфрақұрылымды дамыту және қызмет сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар мемлекеттік қолдау шарасы жүзеге асырылып жатқанын да мәлімдеді.
«Олардың қатарында тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықты сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салуды қолдау, туристік қызмет көрсетуге арналған автокөлік сатып алуды субсидиялау, туроператорлардың шығындарын және әуе билеттерінің құнын субсидиялау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған қаражат қарастырылған», делінген министрлік хабарламасында.