51 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Болгария спортшысы Златислава Чукановамен кездесіп, 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті.
65 келіге дейінгі салмақта тағы бір әлем чемпионы Аида Әбікеева Чехия өкілі Виктория Жилкованы 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.
Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбайға құнды сыйлықтар табыс етілді
Ерлер арасындағы 65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Франция өкілі Уго Граумен жұдырықтасып, тартысты өткен жекпе-жекте 2:3 есебімен қарсыласына жол берді.
Боксшы Мұхаммедсабыр Коротков турнирінің қола жүлдегері атанды
Осылайша Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева Әлем кубогінің ширек финалына жолдама алды.