Елорда • Бүгін, 12:22

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 40-қа жуық адам жауапқа тартылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қылмысты тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон қызметі жедел бөлімшелермен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, көлік жуу бекеттерінде және жолаушылар тасымалы саласында 40-қа жуық құқық бұзушылық анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 40-қа жуық адам жауапқа тартылды

 Елімізде «Қылмысты тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.  Іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау.

Екі күн ішінде шамамен 40-қа жуық құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде:

  • елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін уақтылы шықпау,
  • визада көрсетілген мақсатқа сай келмейтін қызметпен айналысу,
  • рұқсатсыз жұмыс істеу деректері анықталды.

Мәселен, жолаушыларды арнайы рұқсатсыз тасымалдаған 32 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылықтар такси жүргізушілері, сондай-ақ көлік жуу бекеттері мен базарларда жұмыс істейтіндердің арасында анықталды.

Анықталған барлық фактілер бойынша заң аясында шаралар қабылданды. Көші-қон полициясы шетелдік азаматтар мен жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіріп, ел аумағында заңды болу және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібі туралы ақпарат беруде.

Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.